ЕЛГЕ АМАН ЖЕТКІЗГЕН ЕКІ АУЫЗ СӨЗ

publisher

Ес білгелі еститінім – Жеңіс күні жақындаған сайын әкем марқұм: «Елге жете алмаған қайран боздақтар-ай, қай топырақта қалдыңдар екен?!» – деп күңіреніп отырушы еді… Сол қанды соғыс жылдары майданда ауыр жараланып, қасиетті екі сөздің арқасында елге аман жеткен бір ағамыздың хикаясын жазбаққа қолыма қалам алдым. Біздің ауылымыз – Астанадан 25 […]

ШАНАҚТАН ТӨГІЛГЕН ШЕР

publisher

Патша қаһары Құрманғазыны да от-жалынымен шарпымай кетпеген. Күйші жүрегінен «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Ертең кетем», «Бозқаңғыр», «Пәбескі», «Терезеден-есіктен», «Бозшолақ», «Бұқтым-бұқтым», «Аман бол, шешем, аман бол», «Қайран шешем» сияқты көптеген күйлері туған. Қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, Қазақстанның халық әртісі Ахмет Жұбановтың «Құрманғазы» атты зерттеу еңбегінде композитор күйлерінің шығу тарихына қатысты […]

АБАЙ ҰСЫНҒАН ҚҰҚЫҚТЫҚ ИДЕЯЛАР

publisher

Кез келген халықта рухани және өнегелік ұстанымдары болады. Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасы – қазақ халқының ой-санасындағы осындай іргелі ұстанымдардың бірі. Ел Президенті Қ.К. Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында ұлы ақын мұрасының өзектілігін нақты атап өтті. Ғалым-заңгер ретінде мен оның құқықтық идеяларына тоқталғым келеді. Абайдың 15 жасынан бастап […]

ПАЙҒАМБАРДЫҢ (с.ғ.с.) АҚ ШАШЫ

publisher

Біраз уақыт бұрын интернетте Ташкент қаласы, Юнус Абад ауданының бас имамы Рахметолла қаридың мына сұхбаты жария болды: «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қоштасу қажылығында шашын алдыртып, мыңдаған сахабаларына таратып берген екен. Олар бұл мүбәрак затты ұрпақтан-ұрпаққа беріп, сақтапты. Расулланың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеден озарда, он […]

СЕКСЕН ЖЫЛ СӨНБЕГЕН ШЫРАҚ

publisher

Елордамыздың тұрғыны, жасы 90-нан асқан Әминаш әжей 1937 жылы «халық жауы» деп атылып кеткен әкесі Кеңжасар Кеншуақов туралы мәліметтерді 80 жыл өткесін тапты.  Белгілі тарихшы Мәмбет Қойгелдінің зұлмат жылдардағы саяси қуғын-сүргін зардаптары туралы жазған «20-40 жылдардағы Қазақстандағы сталинизм мен қуғын-сүргін» атты кітабында Қызыл империяның қазақ халқын түп-түбірімен жойып жіберу үшін […]

ПАТША ӘСКЕРІ АЛА АЛМАҒАН ҚАСИЕТТІ БАТПАҚҚАРА

publisher

Сонау Кеңес заманында бұрынғы Торғай облысы, Аманкелді ауданында «Тың шұғыласы» газетінің редакторы болып, жұмыс істеген Абдықалықов Еренғайып атамыз 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан қарт Жәкен Тілеулин ақсақалмен кеңес үкіметі заманыңда арнайы кездесіп, сұхбаттасып, оны газетке жариялап және кітап етіп шығарды. Сол атамыздың әңгімесінен үзінді. Жәкен атамыздың әкесі Тілеулі деген кісі […]

БІР ҮЗІМ НАН (болған оқиға)

publisher 1

2007 жылдың құрбан айт мейрамы. Совхозда ұзақ жылдар бас бұғалтыр болып, бүгінде зейнетке шыққан Құрбан Ыбраев ағамыз құрбандыққа мал шалып, шахматтағы әріптестері мен көрші-қолаңын түгел шақырған болатын. Стол үсті сықа толы неше түрлі тағамдар. Бастары қосылса шахмат ойнамай тарқамайтыны тағы белгілі. Әдеттегіше бір езуінде әзіл жүретін Ақшахан бұл жолы да […]

ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ ӘЙЕЛДІҢ ОРНЫ МЕН ҚҰҚЫҒЫ

publisher

Ислам діні келгенге дейін, әлемде әйел баласының кемсітіліп, көп қағажу көргенін байқаймыз. Әйел затын қорлықта ұстау, адам қатарында санамау, арын аяққа таптау, туған әке-шешесінің мұрасынан қағу сынды, т.б. жаман әдеттер араб қоғамында да бар еді. Ислам діні алғашқы уақыттардан бастап-ақ әйел затының жанұядағы әрі қоғамдағы орнын белгіледі. Өзіне тиесілі міндетін […]

Мың бір хатым тарихы

publisher

Түркияның Ерзурум деген өлкесінде 500 жылға таяу уақыт жалғасып келе жатқан жақсы бір дәстүр бар. Сол дәуірлерде Пір Али баба деген дәулетті ғалым: «Елімізді, жерімізді Алла Тағала зілзаладан сақтасын», – деп, қала маңындағы 8 елді мекен қариларын жиып, мың  хатым оқытып, мың бірінші хатымды оқығанда, төрт қариды атқа мінгізіп, қаланы […]

Алтын сілсиле және Иасауи

publisher

Елімізде жүріп жатқан рухани жаңғыруға орай, діни-рухани тарихымызды зерделеп, Түркістан-Тұранды біртұтас ұлыс есебінде қарасақ, Мауереннахрға Ислам діні сол VII ғасырда, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірден өтер-өтпес заманда келген. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көкесі, Аббастың баласы Хусам хазрет Самарқанға келіп өмір сүріп, Ислам дінін саф […]