Тасаттық

publisher

Асылында қазақ тіліне «Тасаттық» сөзі араб тілінен енген. Араб тіліндегі «تَصَدُّق», «тасаддуқ» сөзі – Алла разылығы үшін қайыр садақа беру мағынасында қолданылады. Дегенмен, қазақ халқының ұғымында ол жауын тілеу мақсатымен Алла разылығы үшін көпшілік атынан құрбан шалу мағынасында қолданылады. Халқымыз күні бүгінге дейін тасаттық беру үшін бірігіп, құрбандыққа шамаларына қарай […]

Ораза айт мейрамы

publisher

Мұсылманның екі мерекесі бар екенін білеміз. Олар – Ораза айт пен Құрбан айт. Мухаддис Әбу Дәуіт сахаба Әнастан (р.а.) жеткізген хадисте дініміздегі қос мерекенің пайда болуы былай баяндалады: «Алла Елшісі (с.ғ.с.) Мәдинаға келгенде, олардың екi мерекесi болатын. Пайғамбарымыз: «Бұл қандай күндер?», – деп сұрағанда: «Жаһилия дәуiрiнде ол күндердi ойын, күлкiмен […]

ОРАЗАНЫҢ ОРАСАН ПАЙДАСЫ БАР

publisher

Көпен Әмірбек, сатирик, жазушы: ОРАЗАНЫҢ ОРАСАН ПАЙДАСЫ БАР – Ауыз бекітудің арқасында адам баласына берілетін Алла тағаланың сансыз сауабын былай қойғанда, бұл дүниедегі көзге көрінетін пайдасы да өте көп. Мен мұны өз басымнан өткерген адаммын. Бұл Ислам діні қазақ даласына келген кезден бастап, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы Рамазан айы келгенде ден […]

Әйел және дін

publisher

4 наурыз күні Алматы қаласындағы Қазақ қыздар педагогикалық университетінде ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия, Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі және аталмыш университеттің ұйымдастыруымен «Әйел және дін» тақырыбына арналған Форум болып өтті. Онда Ислам дініндегі әйелдердің орны, қазіргі қоғамымызда пікірталасқа түсіп жүрген әйелдерге қатысты діни жағдайлар, […]

Әріптестік меморандумға қол қойылды

publisher

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен «Өркениет баспасы СТ» ЖШС-нің арасында «Ислам және өркениет» газетінің бетіндегі дін насихаты мәселелері бойынша әріптестік меморандумға қол қойылды. Алдағы кезде газет бұрынғыдай Қазақстан мұсылмандарына ел аумағында діни ақпараттар беруде Исламның сүнниттік және оның ішінде Ханафиттік мәзһабы бағытын ұстанатыны бірінші кезекте анықталып, міндеттеледі. Сонымен қатар, газет […]

Құймақтан тағы да «Алла» жазуы шықты

publisher

Адамзат баласы жаратылғалы бері Алла тағала өз құлдарының ақиқат жолынан таймауы үшін қаншама пайғамбарларын жіберіп тұрды. Олар адам баласын Алланың дініне шақырып, жақсылыққа үйретіп, жамандықтан жирентіп отырды. Ең соңғы пайғамбар – Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.). Расулулла (с.ғ.с.) бүкіл адамзатқа пайғамбар етіп жіберілді. Ол арқылы қасиетті Құран Кәрім түсті, дініміз толықтырылды. Ислам […]

Жаңа кітаптар

publisher

100 сұрақ – 100 жауап Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қолайлы қойын кітапшасын шығарды. Жан азығы – шағын кітапшада қарапайым мұсылманды мазалайтын сұрақтар жауабымен қоса берілген. Құнды дүниенің ерекшелігі – имандылыққа бет бұрып, адамға ұл, Құдайға құл болуды өмірдің өзегі деп білетін әр адамның Ислам құндылықтарына қатысты білуі тиіс сұрақтар мен […]

Құрбан айт – бүкілхалықтық мереке

publisher

Мұсылмандардың ұлық мерекесі – Аллаға жақындатар сауапты амалдар жа-сайтын, құлшылық ететін қасиетті күндер ғана емес, ол адамдар арасында бауырмалдық орнатып, өзара достыққа, ынтымақтастыққа, сүйіспеншілікке шақыратын бірегей кезең. Ұлтаралық және конфессияаралық ынтымақты ту қылып ұстайтын біздің еліміз үшін Құрбан айт мерекесінің орны ерекше. Бұл күндері елімізді мекен ететін көптеген ұлттар мен […]

Түркияда Құран курсын бітірді

publisher

Үстіміздегі жылдың наурыз айында Түркияның Ыстамбұл қаласына діни білімін жетілдіру мақсатында «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Төлеби Оспан оқуға аттанған болатын. Бұл ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің арнайы жолдаған хатының негізінде Түркия Дианет істері басқармасының төрағасы Мехмет Гөрмез мырзаның қолдауымен жүзеге асты. Оған Ыстамбұл қаласындағы, Фатих […]

Дінбасы Үндеуіне үн қосуда

publisher

Семей. Дінбасымыз Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің «Жарылқаушы айда көп жақсылық жасайық» атты Үндеуіне шығыс өңірінің кәсіпкерлері де үн қосуда. Семей қаласындағы бірқатар сауда орталықтары өз сөрелерінен харам ішімдіктерді алып, азық-түлік пен тұтыну тауарлары бағасын арзандату арқылы жамағатқа жеңілдік жасайтынын мәлімдеуде. Осыған орай, ҚМДБ-ның Семей өңірі бойынша өкіл имамы Ержан қажы […]