Кәріс көршінің күшігі (болған оқиға)

publisher

…Омар оянса, тал түс болыпты. Денесі дел-сал. Құдды біреу ұрып тастағандай… Басы мең-зең болып біраз жатты. Түнгі ауысымнан келгенде осылай түске дейін ғана ұйықтайды да, сосын тұрып кетеді. Өйткені, кешке жұмысқа асығу керек. Шырылдаған оятқыштың төбесінен бір қойды да, ары-бері аунап біраз жатты. Ауыр денесін күшпен көтеріп, орнынан тұрды. Ақырын […]

Ғазиз парыз (әңгіме)

publisher

Асылбек бұл мамандықты мектеп қабырғасында жүргенде-ақ таңдаған-ды. «Қайткенде де мен дінтану маманы боламын», – дейтін ол іштей бекініп. Оны сол кездің өзінде-ақ ақпарат көздерінен берілетін дінмен байланысты сан-салалы жаңалықтар, әсіресе түрлі жат ағымдардан болып жатқан кесір-кесапаттар көп ойландыратын. Мұның сыры неде, соны білмек болатын. Сонымен жас талапкердің айы оңынан туып, […]

Екі достың ерлігі

publisher

Тал түс. Шілденің күні күйіп тұр. Бұл кезде үлкен қаладағы қайшыласқан адамдардың нөпірі де азайған ба, қалай? Он-он бір жастардағы біреуі ұзын, екіншісі аласа бойлы Рүстем мен Дастан балмұздақ жеуге үйлерінен жүгіре шыққан. Олар аяқжолмен жүрмей, атшаптырым саябақтың ішімен төтелей тартып келеді. Кенет кең даңғылға тақау қағаберісте, шөп үстінде жатқан […]

Бағың нұрлансын, балам!

publisher

Әбуталап кәрияның қалаға қоныс аударғанына көп бола қойған жоқ. Ауылдағыдай емес, мұндағы тірлік арсы-гүрсі, қым-қуыт па дейсің. Көп қабатты үйдің тұрғындары таңертеңмен жұмыстарына кетеді. Кешке қарай оралысымен үйді-үйлеріне кіріп, есіктерін тарс бекітіп, қайтып көріне қоймайды. Көлеңке ұзарып, іңір қараңғылығы қоюланғанша есік алдындағы ағаш орындықтардың біріне жайғасып жан-жағына қарап отырады. Бұл […]

Айна алдында ақтарылған ой (әңгіме)

publisher

Мақсат үйдегі үлкен айнаның алдына келіп жайғасты. Әуелі, өз болмысына барлай қарап алды. Қырықтың қамалын бағындырған сабазың өзін әлі де болса сері сезінетіндей. Айнаға ұзақ тесіліп қарап отырып, айнаның бергі жағындағы Мақсатпен арғы жағындағы Мақсат өзара ортақ бір тақырыпқа әңгіменің тиегін ағытты. – Бұл өзі қалай болғаны? Қырыққа келіп қағынғаным […]

Дүниекезек

publisher

Көктем айының шуақты күні көкжиекке ілінгелі бері тіршілік атаулы ұйқысынан оянып, табиғаттың беймаза ырғағы әлемді билеп алғандай. Қытымыр қыстың әуре-сарсаңға толы күндерінен шаршаған жұрттың да көңілі бұл күнде көтеріңкі. Қаланың сыртқы бөлігінде жасанды көлдің жағасына жақын орналасқан көркі көз тартарлық зәулім үйдің сұлбасы алыс жерден менмұндалайды. Іші-сырты заман талабына сай […]

Айттық бермеген үй

publisher

Ол кезде бiз маң даланың меңi-реу бiр түкпiрiндегi алақандай ғана ауылда тұрушы едiк… Бүгiн – айт. Қай үйге кiрсеңiз де, төрден есiкке дейiн созылған көлдей-көлдей ақ дастарханды көресiз. Ал олардың үстiнде күн сайын көзге түсе бермейтiн, көзге түсе қалса да қолымыз жете қоймайтын неше түрлi тәттi-дәмдi бауырсақ, балқаймақ, кәмпит, күлше […]

Қарынбай

publisher

– Ата, ата, айтқа қой сойғалы жатырсыз ба? – деп Қасым атаның қос немересі жүгіріп келді. – Құрбандық шаламыз, – деді атасы қызыл ісектің аяғын кендір жіппен буып жатып. – Алақай, бүгін қуырдақ жейтін болдық, – деп қуанды немересінің үлкені Азат. – Бұйырса жейсің, ботам, – деді атасы. Сөйтті де […]

Бір қап алтын

publisher

Кезінде Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа ғалейһи уассалам Миғражға көтерілгенде керемет шахар көріпті. Ол – Ыстамбұл қаласы екен. РасулАлла Миғраждан оралған соң: «Ыстамбұл күндердің күнінде мұсылмандардың қолына түседі. Сол шахарды алған қолбасшы да, әскерлер де қандай бақытты!», – деп сүйіншілеген көрінеді. Жасы сексеннен асқан Мехмет Баям Түркияның Мэрсим қаласын мекендепті. Ол өзіне тиесілі […]

Қарт

publisher

Жасы біразға келген ақсақалдың аядай бөлмені жалғыз өзі паналағанына да біраз жыл болды. Өзінен басқа ешкім жоқ. Үстіндегі киімі де неше жыл бұрынғы. Сызық түскен ескі күртеше. Қарағанға көнелігі бірден-ақ байқалады. Әрдайым өзімен-өзі сөйлеседі, күледі, езу тартады. Құдды біреумен сырласып жүргендей. Сол әдеті бойынша ішіндегісін сыртқа шығарған болып өзімен-өзі қайта […]