Бірқатар елдердегі «біртүрлі» тыйымдар

publisher

Бір елдерде мынадай «заңдар» бар екен: егер сіз түскі демалыс кезінде шөп шабатын машинаны оталдырсаңыз немесе түсқайта алқызыл шалбар кисеңіз, жазаға ілігесіз. Әңгімеміз осындай «біртүрлі» тыйымдар хақында болмақ.

Германия
Неміс автобандарында кө-лікпен келе жатып, жанармай таусылып қалса да тоқтауға болмайды екен. Күре жолмен жаяу жүруге де тыйым салынады. Егер осы ережелерді бұзсаңыз, айыппұл көлемі 100 еуроға дейін барады. Ал мұндай жағдайларда ереже бұзбау үшін не істеу керектігін билік өкілдері ойластырмаған көрінеді.

Аустралия
Бұл елде жексенбі күндері түскі уақыттан кейін қоғамдық орындарға алқызыл түсті шалбармен шығуға тыйым салынады. Сондай-ақ, лам-почканы тек білікті электриктер ғана ауыстыруы тиіс, яғни кез келген адам оны өз қолымен ауыстыра алмайды.

Сингапур
Айыппұлдар – бұл елдің тап-таза көшелері секілді визиттік картасы. Егер сіз қоғамдық дәрет-ханада отырғаннан кейін суды ағызбасаңыз, 500 доллар айыппұл төлейсіз. Ал сағызды елге әкелу мен шайнауға тыйым бұл елде 1992 жылдан күшіне енген. Егер сағыз шайнағаныңызды көрсе, 400 доллар айыппұл салады.

Польша
Варшава метросының перро-нында және баспалдақтарында жүгіруге болмайды (айыппұл – 25 доллар). Ал қала маңы пойыз-дарында карта ойнауға тыйым салынады.

Ұлыбритания
Лондонда тротуармен жүрген велосипедшіге 100 фунт стерлинг айыппұл салынады. Ал көлікпен бір жерге тоқтап, үш минуттан артық тұрсаңыз, моторды өшіруге тиістісіз (бұл талап орындалмаған жағдайда, айыппұл көлемі – 120 фунт стерлинг).

Таиланд
Мұнда жерде жатқан ақшаны басуға болмайды, өйткені тиын-дар мен банкноттарда король бейнеленген.

Ирландия
Ирландияда ХІ ғасырдан бері бір салт сақталған: 29 ақпан күні қыз өзі ұнатқан кез келген жігітке тұрмысқа шығуға ұсыныс жасай алады. Егер жігіт бас тартса, қызға айыппұл төлеуі керек.

Дайындаған
Е. Ерғалиұлы

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Батыстың шолақ "модасы"

243 Бойыңа біткен асылды, Өзгертіп неге аласың? Шетелге сен де еліктеп, Қарындас, қайда барасың? Батыстың шолақ «модасы» Адамның улар санасын. Алланың харам киімге Білесің қатал бағасын. «Қысқа киінсем – өз еркiм», Дейсің ғой, білмей жазасын. Өзiңдi-өзiң солайша, Бауыңнан басып шаласың. «Моданың жолын қуам» деп, Тәніңді босқа қорлайсың. Өрмекке түскен шыбындай, […]