Бейнеу ауданында жаңа мешіт ашылды

publisher

Ұлыстың ұлы күні Бейнеу ауданына қарасты Тұрыш ауылында жаңа мешіт ашылды. Облыс орталығынан 600 шақырым жерде орналасқан Сам құмының ортасындағы ауылда бүгінде 100-ге жуық шаңырақ бар. Осы ауылда кезінде жергілікті халық Иманмәлік молда атап кеткен ақсақалдың ұрпағы Қасен деген азамат мешіт салуға ниеттеніп, жаңа мешіттің бой көтеруіне себепші болды.
«Бұл істі өзімнің адами боры-шым деп білемін. Мешіт салуды дін алдындағы қызметім деп ұғынып, келер ұрпаққа имандылықты, ізгілікті жаятын орын болса екен деймін», – дейді мешіт салған абзал азамат.
100 адамдық мешіттің пайдалануға берілуі ауыл тұрғындары үшін қуанышты жаңалық болды. Бейнеу ауданына арнайы сапармен барған облыстың бас имамы С.Сейтбеков жаңа мешіттің ашылу салтанатына қатысты. Өкіл имам жаңа мешіт ішінде жамағатпен бірге намаз оқып, жиналған халыққа мешіт салудың артықшылығы, мешіт ішінде намаз оқудың сауабы жөнінде уағыз айтты.
Маңғыстау облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Рухани мерекелік шара өтті

304 Шымкент қаласындағы облыстық орталық мешітте әз-Наурыз айының құрметіне «Наурыз – бірлік пен берекенің мерекесі!» атты рухани мерекелік шара ұйымдастырылды. Облыс имамы Ахметжан қажы Керімбек, облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Берік Уәлиұлы мерекелік құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар, өкіл имам А. Пірәліұлы көпшілік алдында облыс көлемінде асыл […]