Балалар күніне шара ұйымдастырды

publisher

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Алматы қаласы Орталық мешітінің ұйытқы болуымен 1 маусым – халықара-лық балаларды қорғау күні мерекесіне орай игі шара өтті.
Қалыптасқан дәстүр бойынша, Діни басқарма ауласында балаларға арналған карусельдер мен батуттар орнатылып, мерекелік алаң жасалды. Мерекеге көпбалалы отбасынан және тұрмыс жағдайы төмен жанұядан шыққан балалар, интернаттар мен жетім балалар үйінің тәрбиеленушілері дін қызметкерлерінің қамқорлығына бөленді. Мереке барысында Бас мүфти атынан биылғы оқу жылын үздік бітірген «Кәусар» жетім балалар үйінің 5 оқушысына Көкшетаудағы «Балдәурен» сауықтыру лагеріне жолдама берілді.
«Бүгін ерекше, мәні мен мағынасы зор күн. Сіздерді осы мейраммен шын жүректен құттықтай отырып, ибалы, инабатты, білімді, тәрбиелі болып өсулеріңізді тілеймін. Бүгін сіздер үшін көңілді де қызықты мереке ұйымдастыруға тырыстық. Біздер үшін басты байлық – сіздердің күміс күлкілеріңіз бен шат-шадыман көңіл-күйлеріңіз», – деді ҚМДБ-ның Аппарат жетекшісі Ғилымбек Жәдігерұлы.
Мереке соңында балаларға дастархан жайылып, түрлі сыйлықтар үлестірілді, балмұздақтар тегін таратылды.
Бас имам Нұрбек қажы Әуесханұлы бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында мұндай шара осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырғанын жеткізді. Және ол жыл сайын игі дәстүрге айналмақ.
ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Аймақ имамдарының апталық семинары өтті

223 Жуырда ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы орыс тілді ақпараттық-насихат топтарын құруды имамдарға жүктеген болатын. Нәтижесінде ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен өткен алқа мәжілісінде орыс тілді уағыз-насихат тобын құру туралы шешім қабылданған еді. Осыған орай 20-27 мамыр аралығында “Әзірет Сұлтан” ме-шітінде өңірлерден келген 21 имамға Ислам […]