Сенің өмірің – сенің таңдауы

publisher

Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, «Өскемен қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі, №7 кітапхана бөлімшесінің «Сенің өмірің – сенің таңдауың!» атты бірлескен дөңгелек үстелі әсерлі өтті. Онда ізгі қарым-қатынас, рухани мінез-құлық, отбасы тәрбиесі жайында толғанған ойлар бір арнаға тоғысты.
Облыстық балалар құқығын қорғау департаментінің бастығы Г.Оразқызы, облыстық ішкі істер департаментінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары М.Жақсылыққызы, №27 орта мектеп директорының орынбасарлары Вера Ивановна мен Лира Қазбекқызы, «Защита» мешітінің уақытша молдасы Дәулет Тілеуханұлы, т.б. мектеп оқушыларына қос тілде уағыз-насихат айтып, ақыл-кеңес берді.
Күнделікті өмірде көрініс тауып жатқан жасөспірім арасындағы қылмыстық әрекеттерден мысал келтіріп, жайсыз уақиғалармен таныстырды. Мұндай жағдай бір ғана отбасының емес, барша елдің уайымына айналғанын нақтылай келе, осы тұрғыдағы жәйттердің барлығы бала жастан бастап, өрімтал бойға қалыптасқан жағымсыз қылықтардың нәтижесі екенін түсіндірді.

«Аялы алақанның» алғашқы қадамы  

Шығыс Қазақстан облысының барлық мешіттерінде «Алтайдың аялы алақаны» атты акция жарияланды. Бұл шараны ұйымдастыруға мешіттен бастап, мем-лекеттік мекемелер табалдырығын тоздырған, теледидар немесе баспасөз арқылы көмек сұраған жандар себеп болды.
Аялы алақанның алғашқы қадамы Зырян және Шемонайха аудандық мешіттерінен басталды. Биылғы жылдың қаңтар айында дүниеге келмей жатып, І топ мүгедегі болған Зырян ауданы, Бұқтырма кентінің балғын тұрғыны Елшібаев Темірлан Қуанышұлының он екі мүшесі қозғалыссыз /паралич/. Қытайдағы «Бинтуань» медицина орталығы «Миға ота жасау арқылы қозғалысқа келтіруге болады» депті. Сондай-ақ, 2006 жылы бір келі салмаққа толмай дүниеге келген Қанатбекова Маржан Ержанқызы бүгінде мүгедектер қоларбасында. Барлық сана-сезім мүшесі орта деңгейде дамығанымен, жер басып жүрер әлі жоқ, үнемі республикалық балаларды оңалту орталығының бақылауында. Осы екі балаға шетелде күрделі ота жасау үшін қомақты қаржы керек екені белгілі.
«Аз тамшы мол берекеге апарар» дегендей, мешіт пен оның жамағаты екі баланың ата-аналарына қасиетті жұма күні біршама көлемде қаржы жинап берді.
Осындай мейірімділік шараларын мешіт жамағаты арасында дәстүрге ай-налдыру жоспарда. Кезегімен Күршім және Зайсан аудандары, Өскемен мешіттері дайындалуда. Сондықтан, тағдырына назды жандарға айтарымыз: дүниеде иманды да жомарт жандар бар. Олар тұрғанда жақсылық өшпейді. Мұқтаждың көңіліне бірінші демеу Алла, одан кейін мұсылман қазақ елі.

Өскемен орталық мешітінің баспасөз қызметі 

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Имани дәріс

281 Қарғалы ауданы, Бадамша мешітінде әл-Әзһар Ислам университетінің түлегі, Ақтөбе облыстық «Нұр ғасыр» мешітінің наиб имамы Сансызбай Шоқанов «Пайғамбарға салауат айтылатын мәуліт айы» деген тақырыпта дәріс оқыды. Оған Ақтөбе облыстық дін істері департаментінің бас маманы Т.Талдыбаев, аудан әкімінің әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары І.Тынымгереев қатысты. Дәріс тыңдауға жастар да, қарттар да […]