ДӘЛ ОСЫНЫ БОРАТТЫҢ ӨЗІ ДЕ КҮТПЕГЕН ШЫҒАР Немесе жезөкшелік туралы ән неге әнұранға айналды?

admin 1

Жуырда Кувейтте біз үшін масқара жағдай орын алды. Аталмыш елде спорттың нысана көздеу түрінен Азия біріншілігі өткен болатын. «Той десе, қу бас домалайды» демекші, бүгінде спорттан бір жарыс өтеді десе, бүкіл әлем елдері артынып-тартынып, алтын үшін «жан беріп, жан алысады». Айтулы дүбірлі додаға біз де қатыстық. Құрамамыз қазақ болғанымен, ойыншыларымыздың […]

Қуаныш СҰЛТАНОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының фракция мүшесі: Имандылық – адамгершілік пен адалдықтың жолы

admin 1

– Қуаныш аға, қазір Қазақстанды әлем таниды деп нық сеніммен айта аламыз. Оған экономикамыздың қарыштап дамуы себеп. Алайда рухани және ұлттық құндылықтарымызды дамытудағы қарқын көңіл көншітпейді. Әңгімемізді осыдан бастасақ. Біз расымен осы аталған салаларда кенжелеп қалған жоқпыз ба? – Айтып отырған екі биіктігіңіз де ұлттық санамен тікелей бай-ланысты құбылыстар. Ұлттық […]

Жаңа кітап

admin 1

«Діндер тарихы» атты бұл оқу құралы дінтану мамандығы бойынша жоғары оқу орындарына арналған бағдарлама талабына сай дайындалған. Онда он бес тақырып қамтылған. Әрбір тақырып бойынша қысқаша дәрістер берілген. Бірінші тақырыпта дін туралы түсінік, оның құрылымы, қызметі мен атқаратын рөлі жайында мағлұмат қарастырылса, келесі дәрістерде ежелгі наным-сенімдердің түрлері, ежелгі мәдениеттердегі сенім […]

Мароккодағы қуаңшылық Жаратқанның жазасы ма?

admin

Жуырда Марокконың елдегі мешіттерге жауапты Уақып министрлігі жергілікті имамдарға өз ұсынысын жариялады. Онда елдегі орын алған қуаңшылыққа байланысты әр жұма намазынан кейін Жаратқаннан жаңбыр сұрап, дұға жасау жөнінде айтылған. Бұл шариғатта саляту-истиска деп аталатыны белгілі. Бүгінде Марокконың басым бөлігі құрғақшылықтан зардап шегуде. Аталмыш араб мемлекетіне жыл басынан бері көктен бір […]

Түркия арабтілді арна ашты

admin 1

Жуырда Түркия елі спутниктік арабтілді жаңа телеарнаны іске қосты. Басты мақсат – араб көрермендеріне Түркия жөнінде жағымды имидж қалыптастыру. Елдің премьер-министрі Реджеп Тайып Ердоған жаңа арна араб пен түрік халқы арасында мәдени көпір боларына сенім білдірді. Телеарна қызметкерлерінің айтуынша, түркиялық билік бұл қадам арқылы араб ақпарат аренасындағы өзіндік орнын нығайтуды […]

Құранды қорлағандар жазалану керек

admin

Дәл осындай ұсыныспен әлемнің жас мұсылмандардан құралған бастамашыл тобы Ислам мемлекеттерінің билік орындарына шықты. Олардың айтуынша, Құранды қорлағандарды жауапқа тартатын халықаралық деңгейдегі заң жобасын дайындау керек. Жастардың бұл әрекетіне соңғы кезде әлем бойынша осындай сорақылықтардың жиі қайталануы себеп болған. Сондай оқиғалардың бірі 20 ақпанда Ауғанстанның Баграм аймағында орналасқан АҚШ әскери […]

Брюссельде мешітті өртеп жіберді

admin

Жуырда Бельгия астанасы Брюссельдің Андерлехт коммунасындағы жергілікті мешітке белгісіз біреулер жан-ғыш зат лақтырып, өртеп жіберді. Нәтижесінде құлшылық орны түгелімен жанып кетіп, имамы қаза тапты. Оқиға орнына келген Бельгияның Ішкі істер министрі Жоэль Мильке: «Бұл бізге төбемізден жай түскендей әсер етті. Біз міндетті түрде кінәлілерді тауып, тиісті жазасын береміз», – деді. […]

Ақжардағы ажарлы сәттер

admin

Шығыс Қазақстан облысында ежелден көпке әйгілі асқарлы Тарбағатай деген ел бар. Халқы айбынды да намысты, жері мен суы қамысты да нулы, ажарлы ел. Қақаған қыстың қабағы сынып, Тарбағатай бөктеріне желбірете көктем самалы жеткенде аталы дінге бет бұрған Ақжардың тау гүліндей жеткіншек жастары ауыл ортасындағы мәдени сарайда ажарлы кездесу өткізуді жөн […]

Мұқтаж жанға көмек көрсетілді

admin

Күршім ауданының Бас имамы А.Машайықтың мұрындық болуымен орталық мешітте қайырымдылық шарасы өтті. Бұл күні жанашыр жандардың көмегімен екі апта бойы жиналған қомақты сома Барақ батыр ауылының тұрғыны, ІІІ топтағы мүгедек Арман Момыновқа табыс етілді. Туа біткен эпилепсия ауруына шалдыққан, абайсызда ауыр күйік алған Арманның мүшкіл жағдайы туралы апайы Толқыннан білген […]

Келелі кездесу

admin

№3 Кәсіптік лицейде Б.Балқыбайұлы атындағы мешіттің бас имамы Б.Нұрматұлы мен Сәтбаев қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Б.Бушманова оқушылармен кездесіп, түрлі дін мәселелерін әңгімеге арқау етті. Имам қазіргі заманның негізгі проблемасы – жастардың экстремизм ағымына байқаусыздан, көбінесе діни сауатсыздықтан кіретіні жөнінде айтып, мысалдар келтірді. Интернетте қандай сайттарды қолдану керектігі […]