Аттестация не берді?

publisher

Нұрбек ЕСМАҒАНБЕТ,
Алматы қаласының бас имамы:
– Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы-ның бұйрығымен қала имамдары, ұстаздары және азаншылары аттестациядан өткізілді. Аттес-тация 3 күнге созылып, оған қала бойынша 118 дін қызметкері қатысты. Олардың ішінде 18-ден 80-ге дейінгі әртүрлі жастағы мешіт қызметкерлері бар. Әділқазылар алқасы құрамында Діни басқарма басшыларымен бірге болып, қатысып, басынан аяғына дейін бақыладым. Оны өткізудегі мақсат біреуді сүріндіріп, сынау, мінеу үшін емес, имамдарымыздың, жалпы дін қызметкерлерінің біліктілігін арттыру болатын. 1 ай бұрын хабарланып, арнайы дайындықтар жүргізілді. Осы аттестацияға арнайы Алматы орталық мешітінде 2 күндік дайындық семинары өткізілді. Аттестация жоспарланғанындай өтіп, өзінің оң нәтижесін берді деп ойлаймын.
Қасым ӘШІМОВ, Алматы орталық мешітінің азаншысы:
– Аттестация жө-нінде айтар бол-сақ, менің ойымша, оның мешіт қыз-меткерлеріне пай-дасы өте мол болды. Бір серпіліп, білген-дерімізді қайталап алдық. Аттестацияда дін мен шариғат саласына қатысты сұрақтармен қоса, Қазақстан республикасының Ата заңынан, діни бірлестіктер мен діни қызмет туралы заңнан, еңбек кодексінен сұрақтар қамтылды. Әрбір қатысушы өзіндік дайындық деңгейімен келсе де, жалпы біліміміз бен ой-өрісіміз бір саты көтеріліп қалғандай болды. Осы сәтті пайдаланып, аттестацияны сәтті тапсырған барша бауырларымды құттықтағым келеді.
Саттарқұл МЕЙІРМАН, Қалқаман-2 мешітінің
Бас имамы:
– Тойдың болға-нынан боладысы қызық деген, имам-дар болып бір кісі-дей жұмылып дайын-далғандай болдық. Біраз балалық-жастық шағымызды да еске түсіріп алдық. Сол дүрсілдеген жүрекпен емтиханға кіріп, билет суырған кездеріміз қайта жаңғырып, бір толқып алдық десек те болады. Қойылған сұрақтар өте жақсы, орынды, дін мамандары үшін қажетті сауалдар болды. Мұндай емтихандар қай саланың мамандары болмасын, баршаға пайдалы деп ойлаймын.

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Сараңның садақасы

355 Қазақ сараң деп кімді айтады? Махаббат, ниеті тек қана дүниеге, байлық, мал жинап, сақтауға ауған, өзгені қойып, жиған-тергенін өзіне қимайтын дүниеқоңыз, ашкөз, қызғаншақ, пайымсыз, тиын-тебен, мал-мүлкін күндіз-түні түгендеп, мәпелеп, сақтап, мастанатын, рахаттанатын, дүние үшін ар-намыс, абыройын айыр-бастаудан тайынбайтын, оны сақтап-өсіру үшін жан-тәнін аямайтын, басқаға мейірімсіз, қайырымсыз жандарды сараң дейтін […]