Ақмола жаңалықтары

publisher

Тілі басқа болса да, тілегі бір
Жақында «Рио» ойын-сауық кешенінің кинозалында балаларға пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өнегелі өмірі жайлы мультфильм тегін көрсетілді.
Науан хазрет атындағы орталық мешіт ұжымы кинозал меңгерушісі Роман Михайловичке өз ризашылығын білдіріп, деніне саулық, отбасына амандық тілейді. Тілі басқа болса да, тілегі бір бұл азаматтың осы тағылымды ісі басқаларға да үлгі-өнеге бола алады.

Балуандар боз кілемге шықты
Жуырда мәуліт айына орай облыстық ұлттық спорт түрлері спорт мектебінің директоры М. Қойшиннің бастамасымен Красный Яр кентінде қазақ күресінен қалалық турнир болып өтті. Бұл жарысқа қаланың жоғары және орта, арнаулы оқу орындарының оқушы-студенттері қатысты.
Барлық белдесулер өте тартысты өтті. Жамбасы жерге тимеген балуандар бас жүлдені олжалады. Сегіз салмақ бойынша белдесулерде О.Алмас (№14 мектеп), Қ.Қабдрашитов (Дарын мектебі), К.Асылхан (қазақ пед.колледжі), Ы.Темірбаев (Көкше колледжі), Т.Тоқанов (КМУ), Е.Қыдырғалиев (қазақ пед.колледжі), Ә.Жүнісов (КМУ), Н.Аяпбергенов (Арна колледжі) бас жүлдені иеленсе, Красный Яр кентіндегі №3 агротехникалық колледжінің оқушысы Ә.Есжанов түйе балуан атанды.
Бұл боз кілемдегі сайыс өңірімізде күрес өнерін өркендетуге септігін ғана тигізбейді, сонымен бірге, жастар санасына имандылықтың асыл құндылықтарын сіңіруге де мол ықпал етеді.

ҚМДБ-ның Ақмола облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Қостанай жаңалықтары

234 Әкімнің қабылдауында Жақында Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов Қазақстан мұсыл-мандары діни басқармасының бөлім меңгеруші Ербол Қосбағар мен облыстың жаңа бас имамы Асылхан Түсіпбекті қабылдады. Кездесу барысында облыс басшысы жуырда тағайындалған ҚМДБ-ның өңірдегі өкіл имамына қызметінде табыс тіледі. Сондай-ақ, жүздесу кезінде «Наурыз» шағын ауданында салынып жатқан мешіттің жай-күйі, облыстағы діни […]