Әл-Харамның көшірмесін жасады

publisher

Дағыстанның Баматюрт елді-мекенінде тұратын Визирхан Минтулаев атты шебер өз ауылында әл-Харам мешітінің кішкене көшірмесін жасап шықты (суретте). Нақтырақ айтқанда, ол ауданы 3х5 метр болатын бөлменің ішінде 3-қабатты мешітті дәлме-дәл пішінде құрастырған.
Әйнек пен ағаштан жасалған мешіттен азан дауысын да естуге болады. Әрбір мұнарасына кішкене колонкалар орналастырылған, солардан күніне 5 мәрте азан шақырылады.
Мешітті нұрландырып тұрған шамдарды да шебер бірде-бір сымды көзге түсірмей, өте сәтті орналастырып шыққан. Бір қызығы, В. Минтулаев шамдарды қойып шыққаннан кейін ғана оларды санағанда, барлығы 99 (!) шам болыпты. Яғни, Алланың есімдеріне тең.
Жалпы, бұл өнер туындысы көп адамды таңғалдыру үстінде. Автордың өзі ешқашан Мекке қаласында болмаған да көрінеді. Тек суреттерден ғана көрген. Сол бөлмеде плакат ілініп тұрса керек, соған қарап отырып жасаған. Бұл жұмысына шебер 3 жыл уақытын арнаған.
Бүгінде кішірейтілген әл-Харам мешіті – Баматюрттың ең басты көрнекі жері болып отыр.

«Ислам және өркениет»

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Жазғы сауат ашу курсын 300 бала аяқтады

233 Жаз маусымы басталы-сымен өкіл имамның ұйытқы болуымен Маңғыстау облыстық орталық мешітінде, Мұнайлы аудандық «Ар-Рахман» ме-шітінде, Ақтау қалалық мешіті мен Маңғышлақ мешітінде ба-лаларға арналған жазғы сауат ашу лагері ұйымдастырылған болатын. Бір ай бойы үш жүзге жуық бала Ислам әдептері, Исламдағы парыздар, Құран әліппесі, дұғалар секілді рухани азық берер пайдалы дәрістермен […]