Афиныда тұңғыш мешіт тұрғызылады

publisher

Афины – Еуропадағы бірде-бір мешіті жоқ астаналардың бірі. Мұсылмандар – ел халқының 2%-ын құрайды. Алайда, Түркия, Македония, Албания және Солтүстік Африка елдерінен келген жұмысшылар мен басқа да қонақтар Грекия астанасында өте көп. Деректерге сүйенсек, бұл қалада бүгінде 350 мың мұсылман тұрады. Соған қарамастан, әлі күнге жергілікті билік қалада бір мешіт ашуға құлықты емес.
Жуырда Түркияның премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған өзінің грек әріптесі Антонис Самараспен кездескен болатын. Грек премьері Афиныда мешіт тұр-ғызу жөніндегі жоспарды ел парламентінің мақұлда-ғанын жеткізді. Ал Ердоған болса, мешіт тұрғызуға кететін шығынды Түркия өз мойнына алатынын айтты.
Самарас та Түркияның Хейбелиад аралындағы православтық діни оқу семинариясын қалпына келтіру проблемасын шешуді сұрады. Түрік премьері оны қолдады.

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Тәубеңе кел!

468 Мейіржан Әлібеков, «Жәдігер» қоғамдық бірлестігінің директоры Тәубеңе кел! Таудан биік секілденіп талғамың, Ардан биік секілденіп арманың. Пенделікпен ұмытасың тәубеңді, Сынағына шыдай алмай Алланың. Ай мен күнге өптіргенге шекеңді, Көлгірсисің көрмедім деп шетелді. Тәубеңе кел, шетел түгіл зағиптар, Көре алмайды өзі туған мекенді. Қошемет те көрмесеңіз несі бар, Бар жағдайды […]