Қызылорда жаңалықтары

publisher

4 күнде 41 кездесу өткізді

«Ақмешіт-Сырдария» мешіті тарапынан екі үгіт-насихат тобы құралған болатын. Наурыз айында өкіл имам Т.Омаров бастаған бірінші топ аудандарға барып насихат жұмыстарын жүргізіп қайтты. Жуырда жоспарға сай екінші топ «Үгіт-насихат айтылмаған ауыл қалмасын» деген ұранмен Арал, Сексеуіл, Қазалы, Қармақшы аудандарына қарасты елді-мекендерді аралап қайтты.
Аталмыш үгіт-насихат тобының құрамын-да облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің наиб имамы А. Жұбанов, А.Нұрахметұлы, «Құддыс ишан» мешітінің наиб имамы М. Үркінбаев, «Ыбырайым молда» мешітінің имамы Н. Талғат және Төретам кентіне қарасты «Жәрімбет» мешітінің имамы У.Пулатбеков бар екенін айта кеткен жөн.
Төрт күннің ішінде төрт ауданда болған топ 41 жерде кездесу өткізді. Жергілікті білім ордалары мен мәдениет үйлерінде халықпен кездескен топ өкілдері жат ағымдардың алдын-алып, дәстүрлі дінімізді бұдан әрі жандандыру үшін халықты бірігіп жұмыс істеуге шақырды.

Жастарды жігерлендірген кездесу

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен №264 дарынды балалаларға арналған мектеп-гимназиясында «Cуицид – тығырықтан шығар жол емес» атты конференция өтті. Оған қалалық 50 мектептің жоғарғы сынып және колледж оқушылары қатысты.
Облыстың бас имамы Т. Омаров өз-өзіне қол жұмсаудың Исламдағы ауыр күнәлардың бірі екенін ескертіп, уағыз-насихат айтты. Өзге де мамандар сөз алып, жастарға ой салар бейнеролик көрсетілді. Дін қызметкерлері А. Жұбанов пен Б.Убаев та шариғи тұрғыдан суицид мәселесіне тоқталды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша 

өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Әлеуметтік желі арқылы кіру: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Келесі жазба

Қостанай өңірі жаңалықтары

674 Имамдар жалақы алады Былтыр ҚМДБ-ның жанынан «Зекет» қоры құрылғаны белгілі. Осы қордың Қостанай облысындағы өкілі Жақсылық Ғайсиннің іскер азаматтармен қоян-қолтық жұмыс істеуінің арқасында есепшотқа 5 миллион теңге қаржы жиналды. Осы қаржыдан үстіміздегі жылдың басынан бері облыстың елді-мекендеріндегі мешіттерде жұмыс істейтін 16 молдаға айына 20 мың теңге көлемінде жалақы берілетін […]